Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

20 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Қырғызстан арасында қайтадан ұшақ ұша бастайды

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 16:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 3 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, 2020 жылғы 20 қыркүйектен бастап Қырғызстанға халықаралық рейстер қайта жаңартылады» делінген хабарламада.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстерді «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Бішкек бағыты бойынша аптасына 2 рейстен жүзеге асырады (сейсенбі, жексенбі).

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.


Басты сөздер: Көлік, Қырғызстан,
Жоғары қарай