Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

20 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылдың 20 қыркүйек 2020 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 20 қыркүйек арналған күнтізбесін ұсынады.

Қазақстанда Аналар күні

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2012 жылы бекітілді. Сол жылы 8 наурыз мерекесін тойлау қарсаңында отбасындағы береке мен мейірімнің ұйытқысы ретіндегі әйелдердің рөліне ерекше баға беріп, қазақстандық аналарға сый көрсету үшін арнайы бір күнді белгілеу идеясын алға тартты.

Сондай-ақ, Президент қазақстандық аналарды «үй жұмыстары саябырсып, молшылық кезең болатын» күз мезгілінде құттықтауды ұсынды. Көп уақыт өтпей Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мейрамдар туралы» №3827 Жарлығына тиісті өзгертулер енгізілді.

Оған сәйкес, елде жаңа мейрам - Аналар күні мерекесі тойланатын болды. Мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

1913 жылы Семейде алғашқы қазақстандық футбол командалары: ССК, «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және «Ярыш» құрылды. «Ярыш» футбол клубының құрамында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961) өнер көрсеткен.

2001 жылы Қарағандыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы этнопарк ашылды. Жалпы аумағы 36 га құрайтын этнопаркте Ұлытау және Қарқаралы таулары, Балқаш көлі, қаланың бас ғимараттары орналасқан.

2002 жылы Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл – өз құзыреті шегінде адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау өкілеттіктері берілген, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам.

2010 жылы теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы тарихта алғаш рет Девис кубогінің әлемдік тобына жолдаманы жеңіп алды.

2010 жылы Таразда Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орай жазушы шығармаларының 30 томдық жинағы жарық көрді. Жинақ «Мемлекет қайраткерлерінің жадын мәңгілік ету» бағдарламасы аясында басып шығарылады.

2010 жылы 1931-1934 жылдары белгілі партия және мемлекет қайраткері, Орта Азия мен Қазақстанда Кеңес өкіметін ұйымдастырушылардың бірі, РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов (1894-1938) тұрған Мәскеудегі Покровский бульвары, 14 мекенжайындағы үйге мемориалдық тақта орнату туралы келісімге қол жеткізілді.

2013 жылы отандық «Тұран-ТВ» телеарнасы хабар тарата бастады, бұл белсенді өмір салты мен қызықты outdoor-демалысқа арналған алғашқы қазақстандық телеарна. Телеарнаның форматы денсаулық мәдениетін, спортты насихаттау, ішкі туризмді танымал ету, еліміздің табиғи байлықтарына қатысты халықтың мәдениет деңгейін арттыру.

2016 жылы қазақстандық скрипкашы Ержан Құлыбаев Румын Атенеумінің сахнасында өткен «Джеорже Энеску» халықаралық фестивалінде Чайковскийдің № 36 операсы Ре мажорды орындап, үздік үштіктің қатарынан көрінді.

29 жастағы скрипкашы Мадрид пен Зальцбургте білім алып, Познань филармониялық оркестрімен бірге концерттерге қатысып, поляк камералық филармониясында, дирижер Валерий Гергиевтің жетекшілігімен Мариин театрында, сондай-ақ әйгілі Карнеги холлда жеке концерттер берді.

Ол «Хиндемита Павел» халықаралық байқауының (бірінші шығарылым) және «Генрик Венявский» байқауының лауреаты (5-орын).

2016 жылы алғаш рет қазақстандық БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы миссиясының (MINURSO) әскери бақылаушысы подполковник Асқар Қожағалиев MINURSO қолбасшысының бұйрығымен Ауусардтағы миссиядағы БҰҰ әскери байқаушылар базасының командирі болып тағайындалды.

2017 жылы қазақстандық грек-рим күресінің шебері Нұрбақыт Теңізбаевқа 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі табысталды. Халықаралық Олимпиада комитеті допинг дауына байланысты сол жылғы нәтижені қайта қарап, отандасымызға күміс медаль беру жөнінде шешім қабылдаған. Балуанға олимпиадалық медальді ҚР ҰОК Бас хатшысы Данияр Әбілғазин табыс етті.

2018 жылы ел тарихында алғаш рет Лондонда өткен әлемдік арт-сахнада «Фокус – Қазақстан» кең ауқымды жобасы көрсетілді. Халықаралық көрермендер ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі отандық бейнелеу және заманауи өнер туындыларын тамашалай алды.

«Фокус – Қазақстан» жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды және бұл қазақстандық өнерді бүкіл әлемде ілгерілетуге бағытталған.

2018 жылы Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жеке медициналық ұйым тандемді масс-спектрометрдің жаңа моделін сатып алды, ол республиканың барлық балаларына қолжетімді болады.

Қазақстан тандемді масс-спектрометрдің жаңа моделі тіркелген әлемдегі алғашқы ел, ол қанның бір жағынан алмасудың 49 тұқым қуалайтын, өте ауыр ауруларына диагностика жүргізуге мүмкіндік береді.

2019 жылы Алматыда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың құрметіне көше берілді.

«Әбіш Кекілбаев өзінің балалық шағы мен өмірінің бақытты сәттерін Алматыда өткізген. Ол өз саласында үлкен биіктерге жетті. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: Әбіш Кекілбаев Қазақстан халқы ғана емес, басқа да елдер арасында танымал ұлы тұлға болған. Оның есімі мен шығармашылығы қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі қалады», - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

2019 жылы Венгрия астанасы Будапеште Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі) кеңсесінің ашылу салтанаты өтті.

Рәсімде сөз алған Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев бұл оқиғаны тарихи сәт деп атап, Будапештте кеңсенің ашылуымен Түркі кеңесі өсіп, нығая түскенін айтты.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай