2 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде АӨК және жер қатынастарын цифрландыру және мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау тақырыптары қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
11.00-де Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының көмекшісі И.Малкина Еуразиялық үкіметаралық кеңестің алдағы отырысының күн тәртібі және ЕЭК қызметінің мәселелері бойынша онлайн форматта брифинг өткізеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.