Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2 жастағы баласын өлтіріп, тоңазытқышта ұстаған әйел мәжбүрлі емделуге жіберілді

2021 жылдың 12 мамыр 2021 22:09

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында 2 жастағы баласын өлтіріп тоңазытқышта ұстаған әйел мәжбүрлі емделуге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының мамандандырылған қылмыстық соты таратқан мәліметке қарағанда, әйел адам шизофрения ауруына шалдыққан. Сол себепті оған қатысты қылмыстық өндіріс сот қаулысымен тоқтатылды. Енді 27 жастағы әйел мәжбүрлі түрде мамандандырылған психиатриялық стационарда емделетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазан айында Алматы облысының Қаратал ауданына қарасты Үштөбе қаласында 2 жастағы баланың денесі мұздатқыштан табылған болатын.

Артынша кішкентай ұл баланы туған анасы өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан, əкесі өзге елде тұрады. Және ұлын қалай тұншықтырып өлтіргенін ол қолымен көрсетіп берді.



Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Сот, Алматы облысы,
Жоғары қарай