Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

2 тамыз. Туған күн иелері

2020 жылдың 2 тамыз 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 2 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




73 жыл бұрын (1947) ҚР Парламент Мәжілісі VI шақырылым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы дүниеге келді.

Көкшетау облысы Чистопол ауданының Луганка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Көкшетау облысы Червонный кеңшарындағы МТШ слесар болып бастаған. 1966-1967 жж. – Көкшетау облысы Червонный кеңшарының слесар, тракторшы ал кейіннен механигі; 1968 ж. – Целиноград қаласы «Қазақауылшаруашылығы машиналарын жасау» зауытының №7 цехы металөнімдері учаскесінің шебері; 1968-1970 жж. – Көкшетау облысы Рузаев № 81-ші ауылшаруашылығы кәсіптік-техникалық училишесінің өндірістік оқыту шебері, комсосмол ұйымының хатшысы;

Бірқатар жылдар бойы коммунистік партияның Көкшетау облыстық комитетінің ұйымдастырушылық-партиялық қызметінде болды. Кейіннен Көкшетау облысы әкімі аппаратында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратында қызметтер атқарды. 1998-1999 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Рузаев ауылшаруашылығы тәжірибе станциясының директоры, «Қоғалажар» ЖШС директоры; 2000-2003 жж. – Ақмола облысы әкімінің Шаруашылық басқарамасы МКҚК басқарма бастығы; 2003-2013 жж. – Ақмола облыстық маслихатының Аппарат жетекшісі; 2013-2014 жж. – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі; 2014-2015 жж. – Мемлекеттік және банк пен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподақтары Ақмола филиалының төрағасы; 2015-2016 жж. – Қазақстан Коммунистік халық партиясының хатшысы.

Қазіргі қызметін 2016 жылдың наурыз айынан атқарып келеді.




68 жыл бұрын (1952) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұд Базарқұлұлы ҚАСЫМБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Шу қаласында туған. Білімі жоғары, математика пәнінің мұғалімі, экономист, саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Еңбек жолын 1969 жылы Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте бастады. 1974 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының математика факультетін, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау-экономикалық факультетін, 1990 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1973-1976 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты комсомол комитеті хатшысының орынбасары, кейіннен хатшысы болып істеді. 1976-1983 жылдары Фрунзе аудандық, Алматы қалалық және облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы, республика комсомолы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. 1983-1990 жылдары Алматы облыстық және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде еңбек етті. 1990 жылдан - Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппараты, кейіннен Мемлекет басшысының Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі. 1996 жылдың наурызынан - Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің меңгерушісі, ал кейіннен бастығы қызметін атқарды.

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы наурыз айында кірісті.

М.Б.Қасымбеков 100-ден астам ғылыми мақалалар жариялаған, ол - 25-ке тарта кітаптың авторы, телавторы және құрастырушысы. Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», ІІІ дәрежелі «Барыс», «Құрмет» ордендерімен, 7 медальмен марапатталған.




64 жыл бұрын (1956) «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Владимир Викторович ЛЮТОВ дүниеге келді.

1983 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «инженер-құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

1973 жылы Целиноград жол-құрылыс материалдары комбинаты және ТБК, дәнекерлеуші-арматурашы. 1983 жылы - «Целиноградтяжстрой» тресі, «Отделстрой» құрылыс басқармасы шебер, прораб, учаске бастығы. 1985 жылы - «Целиноградсельмаш» өндірістік бірлестігі, Күрделі құрылыс басқармасының бастығы. 1988 жылы – «Целиноградтяжстрой» тресінің. «Проминдусстрой» құрылыс басқармасында қызмет етті, 1992 - 1996 жылдары - «Целиноградстройинвест мемлекеттік фирмасының бас директоры. 1996 - 1998 жылдары – «Целинстрой» ҚК бас директоры. 1998 ж. – ҚР Сыртқы істер министрлігі. 2006 жылы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің директоры, 2008 жылы «Астана қаласы Құрылыс басқармасы» ММ бастығы болып тағайындалды. 2015-2019 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болды.

2019 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.




64 жыл бұрын (1956) ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасары Ағыбай Дынкенұлы СМАҒҰЛОВ дүниеге келген.

Барнауыл қаласында (РФ, Алтай өлкесі) туған. Мәскеу жоғары шекара училищесін (1977), СССР Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясын (1986) бітірген.

1977-1992 жылдары СССР шекара әскери бөлімдерінде еңбек еткен. 1992 жылы ҚР Сыртқы экономикалық байланыс министрлігі Хаттама және аударма бөлімінің бастығы болған. ҚР Президент аппараты мен министрлер кабинетінде, ҚР Қауіпсіздік кеңесінде жұмыс істеген. 1996-1998 жылдары Корея Республикасындағы ҚР елшілігінің кеңесшісі, 1998-2000 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде басқарма басшысы, 2000-2004 жылдары Иран Ислам Республикасындағы ҚР елшілігінің кеңесшісі, 2004-2005 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі департамент директоры, министр кеңсесінің жетекшісі, 2005-2011 жылдары Ауғанстан Ислам Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2011-2018 жылдары Тәжікстан Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқарған.

Қазіргі қызметінде – 2018 жылдың қаңтарынан.




56 жыл бұрын (1964) Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Кенжешұлы ӘБДІХАЛЫҚОВ дүниеге келді.

Ақмола облысы Біржан сал ауданында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын және Д.А.Қонаев атындағы университетті тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданы Мамай кеңшарында бас мал дәрігері ретінде бастаған. 1988-1999 жылдары Бурабай (бұрынғы Щучье) ауданының Мәдениет кеңшарында директор, Юрьевск кеңшарында директор болып жұмыс істеді. 1999-2008 жылдары салық, қаржы полициясы, ҚР ІІМ органдарында қызмет атқарды. 2008-2018 жылдары ҚР Президенті Іс Басқармасының ведомстволарында түрлі жауапты лауазымдарда істеді. 2018-2019 жылдары «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры болды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың шілдесінен.




50 жыл бұрын (1970) VI шақыртылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени дамыту комитетінің мүшесі Иван Иванович КЛИМЕНКО дүниеге келді.

Қостанай облысы Жітіқара ауданының Мықтыкөл кентінде туған.

Білімі - жоғары. 1987-1994 жылдары – Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде дәрігер-педиатр мамандығы бойынша білім алған. 2011 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ЕМВА - атқарушы іскерлік әкімшілік ету магистрі атағын алды. 2007-2012 жылдары – Омбы мемлекеттік медициналық академиясында білім алған, фармацевт-провизор мамандығы берілді.

Еңбек жолын 1994 жылы «СТОМЕД» компаниясының өнімдерін тарату саласында бастаған. 2008-2014 жылдары – «Стофарм» ЖШС президенті. 2003-2016 жылдары - «Цветная» ұлттық дәріханалар желісінің құрылтайшысы. 2015 жылы Қостанай облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2012), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015) мерекелік медальдарымен, медалью «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау үздігі» медалімен марапатталған.





48 жыл бұрын (1972) қоғам қайраткері Асқар Қуанышұлы ЖҰМАҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Орынбор облысында туған. Свердловтағы Суворов училищесін, Харьков ракета әскерлерінің жоғары командалық-инженерлік училищесін, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Лозаннадағы Швейцария Федералды технология институтының электронды басқару бойынша шебер дәрежесі бар (Ecole Polytechnique Federale de Lausanne - EPFL). «Жарық» ЖШС бас директоры; Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінде Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы, Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылған сәттен бастап төраға орынбасары, 2004 жылдың қыркүйегі мен 2005 жылдың қаңтары аралығында төраға міндетін атқарды. 2005 жылдың мамырынан Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2006 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 2006 жылдың 11 қазаннан 2010 жылдың наурызына дейін «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы. 2010 жылғы 12 наурыздан 2012 жылғы 20 қаңтарға дейін ҚР Байланыс және ақпарат министрі қызметін атқарды.

2012 жылғы 20 қаңтарда ҚР Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды. 2014 жылдың наурызынан ҚР Ақпарат және байланыс агенттігінің төрағасы болған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы (2015-2017); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (2017-2018); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2019); Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2019-2020).

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды. 2005 жылы «Құрметті байланысшы» атағы берілді, Ю.А.Гагарин медалінің иегері. 2009 ж. «Құрмет» орденімен марапатталды.




42 жыл бұрын (1978) «Мемлекеттік аннуитетті компания» АҚ басқармасының төрағасы Ғалым Ташмұханбетұлы ӘМЕРҚОЖАЕВ дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік заң университетін аяқтаған; SABIT бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен.

Еңбек өтілі: «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ қызметкері (1999-2007); «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ мемлекеттік даму институтының басшысы (2007-2012), «Астана-финанс» СК» ДК төрағасы, «Астана-финанс» КСЖ» АҚ (2010-2011); «БТА Сақтандыру» банкінің БТА ЕК» АҚ сақтандыру компанияларында Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазіргі қызметінде – 2016 жылдан бері.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай