Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 1 наурыз 2021 18:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде АӨК-ті дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобаларды іске асыру, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Су тасқыны маусымына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу» тақырыбында брифинг өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: Youtube , Facebook .

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жоғары білім беруге қатысты маңызды сұрақтар» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова. Көрсетілім сілтемелері: Youtube , Facebook .

15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы «Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында онлайн брифинг өткізеді. Брифинг Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook -тегі парақшасында тікелей эфирде өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: БАҚ, Аймақ,
Жоғары қарай