Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

2 млн гектар ауыл шаруашылығы  жері мемлекет меншігіне қайтарылды – ҚР АШМ

2020 жылдың 3 маусым 2020 12:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 3 айында 2 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы 5,6 млн гектар пайдаланылмайтын жер, оның ішінде шамамен 800 мың гектар егістік, 4,6 млн гектар жайылым анықталды. Бұл қағаз есептер негізіндегі дәстүрлі мониторинг пен ақпаратты салыстырып-тексеру барысында нақтыланды. Аталған жерлер бойынша ден қою шаралары қабылданғаннан кейін бүгінгі күні 1,9 млн гектарды бұрынғы жер пайдаланушылар игере бастады; 1,1 млн гектар жер пайдаланушылардың өз еріктерімен бас тартуы арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды; 2,6 млн гектарды мемлекет меншігіне қайтару үшін әкімдіктер процессуалдық сот жұмыстарын жүргізуде», - деді миинстр Орталық комуникациялар қызметіндегі онлайн кездесуде.

Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуына бақылауды күшейту мақсатында 2019 жылғы 28 қазанда Жер кодексіне Жерді қашықтықтан зондтау арқылы ауыл шаруашылығы жерлеріне цифрлық мониторинг жүргізуге қатысты өзгерістер енгізілді. Осы жылғы қаңтарда Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануды ғарыштық мониторингтеу қағидалары қабылданды.

«Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында веб-портал арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге мониторинг жүргізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Оның нәтижесінде жалпы алаңы 7,3 млн гектарды құрайтын жүктелмеген 9061 жайылымдық алқап анықталды. 2020 жылдың 3 айының қорытындылары бойынша мемлекеттік меншікке 2 млн гектардан астам жер қайтарылды», - деді Сапархан Омаров.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚР АШМ, Жер мәселесі, Заң,
Жоғары қарай