2 қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 1 наурыз күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай Қызылорда мен Атырау қалаларында болады.
Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.