Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

2,27 млн адамға 21 250 теңге төлем берілді - Еңбек министрлігі

2020 жылдың 11 тамыз 2020 10:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 млн 287 мыңнан астам қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 520 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 287,9 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 271,1 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы алды», делінген министрлік таратқан мәліметте.

2 млн 520 мың өтінімнің ішінде:

– 835 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 646,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 386 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 652,7 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымша мен интернет ресурсы арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 835 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 235,2 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 449,9 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 300,7 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 287,9 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.


Жоғары қарай