Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2,1 млн-ға жуық қазақстандық 42 500 теңге төлемін алды

2020 жылдың 31 шілде 2020 11:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2,1 млн-ға жуық қазақстандық «42 500 теңге» біржолғы төлемін алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

31 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,3 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 114 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 98 мың қазақстандыққа аударылды.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,3 млн-нан астам өтінімнің ішінде:

– 833,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 591,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 326,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 607 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.


Жоғары қарай