Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

19 қаңтар. Туған күн иелері

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 19 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




56 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет әскери басқармасының басшысы Ғабит Түрейұлы МИРАЗОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 1991-1992 жылдары Алматы қаласы Мәскеу ауданы прокурорының көмекшісі. Алматы қаласы прокуратурасының аға тергеушісі болып тағылымдамадан өткен. 1992-1995 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі. 1995-1996 жылдары Алматы қаласының прокуратурасының Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры. 1996 жылдың қаңтар-мамыр айларында Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары. 1996-1998 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары. 1998-1999 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулылары мен атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімнің басшысы. 1999-2001 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының жедел іздеу қызметі, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы. 2001 жылдың ақпан-сәуір айларында Алматы қаласы Түркісіб ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы облысы Балқаш ауданының прокуроры болды. 2002 жылдың мамыр-қазан айларында Алматы облысы Қапшағай қаласының прокуроры. 2002-2008 жылдары – Алматы облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары. 2008-2012 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2012-2017 жылдары – Алматы облысының прокуроры. 2017-2018 жылдары – Алматы қаласының прокуроры. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қараша айынан бастап.




55 жыл бұрын (1966) ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мүсілім Мұхтарұлы АЛТЫНБАЕВ дүниеге келді.

1987 жылы Саратов жоғары әскери-авиация ұшқыштар және штурмандар училищесін бітірген. 1987-1996 жылдары КСРО/ҚР ӘҚК-де офицерлік лауазымдарда. 1998 жылы РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери-дипломатиялық академиясын бітірді. 1998-1999 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы әскери атташесінің көмекшісі. 1999 жылдан - Қазақстанның АҚШ-тағы әскери атташесі. 2006 жылдан ҚР Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары. 2010-2013 жылдары «Астана» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы қызметін атқарды. Қазіргі қызметінде 2017 жылдан бері.




52 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі құқық қорғау жүйесі бөлім меңгерушісінің орынбасары Ерлан Ысқақұлы БАЙТҰҚБАЕВ дүниеге келді. Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолы: Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокурорының көмекшісі (1993-1994); Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары, аға көмекшісі, прокурорының орынбасары (1994-1999); Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты бақылау департаменті бастығының орынбасары, Алматы қаласы прокурорының атқарушылық іс жүргізу жөніндегі аға көмекшісі (1999-2002); прокурор, Республиканың Бас прокуратурасының сол аттас департаменті ІІМ органдарындағы тергеу мен анықтауды қадағалау бөлімінің аға прокуроры (2002-2003); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Төтенше жағдайлар және көлік агенттігі органдарындағы заңды тергеулер мен анықтамаларды қадағалау департаменті басшысының орынбасары, басшысы (2003-2007); Қостанай облысы прокурорының орынбасары (2007-2010); Орталық көлік прокуратурасының аппарат басшысы – Департамент басшысы (2010-2011); Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары (2011-2014); Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары (2014 жылдан бастап).




45 жыл бұрын (1976) Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Иван Иванович ТУРКОВ дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Қарағанды экономикалық университетін; «Фемида» заң академиясында білім алған.

Еңбек жолы: Красноармейск есеп айырысу-кассалық орталығының операторы (1993-1996); Красноармейск ауданы бойынша салық инспекторы (1996-1997); Тайынша қаласы, «Апако» ашық үлгідегі акционерлік қоғамының экономика, болжау және қаржы қызметінің маманы (1997-1998); Тайынша ауданы бойынша салық инспекциясында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді (1998-2007); Тайынша ауданы Абай ауылдық округінің әкімі (2007); Тайынша ауданы әкімінің орынбасары (2007-2012); Тайынша ауданының әкімі (2012-2013); Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары (2013-2014); Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі (2014-2018); Солтүстік қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі (2018-2020).

Атқаратын лауазымында – 2020 жылғы қазаннан бастап.




42 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Қалмақаметұлы ТӨРЕБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, халықаралық экономист; Берн университетінің Дүниежүзілік сауда институты, халықаралық құқық және экономика магистрі.

Еңбек жолы: жеке құрылымдарда жұмыс істеді (1997-2001); ҚР СІМ валюта-қаржы департаменті жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, ҚР СІМ және Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінде түрлі лауазымдарды атқарды (2001-2009); Азия Даму Банкінің Орталық Азия өңірлік ынтымақтастық бағдарламасының үйлестірушісі (2011-2012); ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаментінің бірінші хатшысы (11.2012-12.2012); ҚР Экономикалық даму және сауда министрі хатшылығының кеңесшісі (2012-2013); ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (03.2013-04.2013); ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2013-2014); ҚР ҰЭМ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2014-2019); ҚР ҰБ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (06.2019-07.2019).

Атқаратын лауазымында – 2019 жылғы шілдеден бастап.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай