Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

19 ақпан. Туған күн иелері

2020 жылдың 19 ақпан 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 19 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР





99 жыл бұрын (1921-2011) қоғам қайраткері, заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Салық ЗИМАНОВ дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. Бүкілодақтық заң институтын бітірген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

1944-1945 жылдары - дивизион, миномет полкі, артилерия полкі командирі болып, полковник шенімен әскери қызметтен босаған. 1946-1947 жылдары - Гурьев облыстық прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі. 1947-1948 жылдары - Қазақ КСР Прокуратурасы жанындағы ерекше маңызды істер жөніндегі тергеуші. 1948-1952 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы құқық секторының аспиранты, аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі. 1952-1958 жылдары - Алматы мемлекеттік заң институтының директоры, Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы. 1958-1969 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия және құқық институтының директоры. 1969-1976 жылдары осы институттың бөлім меңгерушісі болған. 1976-1977 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Төралқасының бас ғылыми-хатшысы. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының бас ғылыми қызметкері. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі комитетінің төрағасы. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Конституциялық заңнама және адам құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы. 1995-2005 жылдары - «Парасат» академиялық университетінің ректоры қызметтерін атқарған. 2005 жылдан - қазіргі қызметінде. Атырау облысының Құрметті азаматы.
Зиманов «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық Заңның жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды. Ғалым 2001-2002 жылдары 1-ші және 2-ші томдары жарық көрген 10 томдық «Қазақтың ата заңдары» энциклопедиясына ғылыми жетекшілік жасаған.

«Парасат», екі мәрте 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Халықтар достығы ордендерімен, «Кавказды қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен марапатталған.




55 жыл бұрын (1965) белгілі журналист Махат Кәбірұлы САДЫҚ дүниеге келді.

ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін, РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Қазақ радиосының тілшісі болып бастады. Кейін Қазақ телевизиясында бағдарламалар жетекшісі, 1995 жылы «Хабар» агенттігінде редактор, комментатор, «Жеті күн» бағдарламасының авторы, жүргізушісі болды. 1997 жылы «Хабар» агенттігінің атқарушы продюсері, Астанадағы филиалының жетекшісі. 1999 жылы «Қазақстан» телеарнасында ақпараттық бағдарламалардың бас редакторы, «Үш анық» ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі. 2000-2005 жылдары «Қазақстан Президенті Телерадиокешенінің» бас директоры. 2005-2006 жылдары «Makhat - Студия» ЖШС Бас директоры, «Фототелерадио» журналының бас редакторы. 2006-2007 жылдары ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары. 2007-2008 жылдары ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі. 2008 жылы ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі. «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «Қазақстан» РТРК АҚ «Астана» радиосының директоры, «Қазақстан» РТРК АҚ Қазақ радиосының директоры, «ҚазАқпарат» ХАА бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақстан Президенті стипендиясының иегері. «Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» кітабының, 25 деректі фильмнің авторы. Философия ғылымының докторы, Халықаралық телевидение және радио академиясының академигі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.




47 жыл бұрын (1973) Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ғалия Тағыбердіқызы ЖОЛДЫБАЕВА дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолы: 1990 жылы - балабақша есепшісі. 1996-1997 жылдары ҚР Әділет министрлігінде жетекші, бас маман. 1997-1999 жылдары ҚР Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлік және заңды тұлғаларды тіркеу агенттігінде бас маман, басқарма басшысы. 1999-2001 жылдары ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының басшысы. 2001-2008 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде әртүрлі бөлім және департаменттерде басшылық қызметте. 2008-2009 жылдары ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек беру комитеті төрағасының орынбасары. 2009-2012 жылдары Павлодар облысы әділет департаментінің басшысы. 2012-2013 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы. 2013-2014 жылдары - ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы. 2014-2017 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры.

Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап.




47 жыл бұрын (1973) Орал қаласының әкімі Абат Абайұлы ШЫНЫБЕКОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Еуразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын «Экономика және менеджмент», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Қаратөбе ауданы Егіндібұлақ совхохында инженер-механик болып бастады. 1995-2000 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратында маман, бас маман, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2000-2003 жылдары – БҚО әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы. 2003-2006 жылдары – Казталов ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдары – ҚР БҒМ «Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы» РМКК БҚО бойынша филиал директоры. 2007 жылы Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2007-2008 жылдары – Орал қаласы әкімінің кеңесшісі. 2008-2012 жылдары – «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары. 2012-2013 жылдары – Орал қалалық мәслихатының хатшысы. 2013-2017 жылдары – БҚО Сырым ауданының әкімі. 2017-2019 жылдары – БҚО Казталов ауданының әкімі.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың тамыз айынан бастап.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай