Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

18 мамырда астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2022 жылдың 17 мамыр 2022 20:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.15-те Astana Marriott қонақ үйінде Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы ұлттық және халықаралық даму серіктестерімен бірлесе отырып, Қазақстанда ең басым «жасыл» міндеттерді анықтау және елдегі тұрақты даму үшін оларға қол жеткізу бойынша ұсынымдар қалыптастыру туралы ұлттық консультация нәтижесіне арналған брифинг өткізеді.

10.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының еліміздегі денсаулық сақтау мәселелері бойынша тапсырмаларын орындау барысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.

11.30-да «Алатау» спорт сарайында Халықаралық музейлер күніне байланысты ІІМ ішкі істер органдары музейінің экспозицияларын тамашалауға шақырады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Nickelodeоn телеарнасының танымал мультфильмдері қазақ тілінде» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының төрағасы Қазбек Майгелдинов; «Nickelodeon» телеарнасының ТМД және Балтия елдеріндегі балалар және ойын-сауық брендтерді дамыту жөнінде вице-президенті Мария Косарева.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.

15.00-де Нұрлы-Орда бизнес орталығында Қазақстандық қоғамдық даму институты алаңында «Sarap» эксперттік клубының «Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс» тақырыбында отырысы өтеді.

15.30-да Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының төмендегі мәселелер бойынша бірлескен отырысы өтеді.

16.00-де қалалық әкімдіктің мәжіліс залында Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

18.00-00.00 аралығында ҚР Ұлттық музейінде Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні» акциясы аясында «Музей құдіреті» мәдени-танымдық шарасы өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасы қойылады.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Жоғары қарай