Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

18 қазан күні Қазақстанда өтетін шараларға шолу

2019 жылдың 17 қазан 2019 21:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Park Inn by Radisson қонақ үйінде MediaNet/FactCheck.kz халықаралық журналистика орталығы ОБСЕ бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп, «Дезинформация & жасанды интеллект – шекаралар мен қарсы күрес әдістері» семинарын өткізеді.

9.30-да ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Danalyq» отбасылық құндылықтарды дамыту институтының алғашқы коуч-сессиясы өтеді.

9.30-да «Astana Marriott» қонақ үйінде ҚР Жоғарғы сот кеңесі «Сот жүйесіндегі кадрлық саясат келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

10.00-де Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде «Ауыл» ХДПП саяси кеңесі президиумының көшпелі отырысы өтеді.

11.00-де «AstanaMusicHall» ғимаратында «Көшбасшы Педагог -2019» IV ұлттық жүлдесі табысталады.

11.00-де Қазақстанның Даму Банкінің баспасөз орталығында Отандық өндірістің жеңіл автомобильдері үшін несие беруге бірінші транш бөлу туралы баспасөз брифингі өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың «И был я подобием твоим» және «Плач Чингисхана» кітаптарының тұсаукесері өтеді.

14.00-де №3 Перинаталдық орталығында «Преэклампсияға перенаталдық скрининг» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де Достық үйінде «ҚР этносаралық қатынас тәжірибесі: Аймақтық Халық Ассамблеялары мен Достық Үйлері қызметі архив деректерінде» атты ғылыми семинар өтеді.

18.00-де «Хан Шатыр» сауда ортатылығында ММА аралас жекпе-жек бойынша M-1 Challenge 105 #СенiӊЖанаҚырыӊKAZMMА турнирінің баспасөз-конференциясы және спортшылардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де ҚР БҒМ ҒК Экономика институтында «Ғылым, экономика және қоғамның әлеуметтік жаңғыруы» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.

19.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында түркітілдес мемлекеттер арасында «Ұлы дала елі» халықаралық этнофестивалі өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай