Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

18 қаңтар. Туған күн иелері

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




57 жыл бұрын (1964) «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ президенті Арман Бекетұлы ЕСЕНЖОЛОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған. Техника ғылымдарының кандидаты. Ғылым, техника және білім беру саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003).

Мәскеу болат және қорытпалар институтын (1986) бітірген, инженер-металлург.

Металлургия саласындағы оннан астам авторлық патентке, оның ішінде РФ патенттеріне ие. 1986 жылдан - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының балқытушысы, 1987 жылдан - өндірістік шебері, 1989 жылдан - ауысым бастығы, 1991 жылдан - аға шебері, 1993 жылдан - цех бастығы, 1997 жылдан - бас инженердің орынбасары - өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, 2002 жылдан - зауыттың бас инженері. 2006 жылдан - Серов ферроқорытпа зауытының (РФ) бас директоры. 2008 жылдан бері - «Қазхром» ТҮК» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры. «Қазақстан Алюминийі» АҚ президенті (басқарма төрағасы) (2015-2018).

Қазіргі қызметінде 2018 жылдың наурыз айынан бастап.

2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.




52 жыл бұрын (1969) Петропавл қалалық сотының төрағасы Ербар Қалелұлы ҚАЛИЕВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: Қарағанды қаласындағы «Стройдеталь» зауытының безендіруші-суретшісі (1989-1990); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әскери соттар басқармасының инспекторы және аға инспектор-кеңесшісі (1995-1998); Алматы горнизоны әскери соты төрағасының көмекшісі (1998); Алматы горнизоны әскери сотының судьясы (1998-2000); Петропавл қалалық сотының судьясы (2000-2008); Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық сотының төрағасы (2008-2012); Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотының төрағасы (2012-2016).

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың қаңтарынан бастап.




38 жыл бұрын (1983) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» АҚ басқарушы директоры Мұрат ЖҰМАНБАЙ дүниеге келді.

Қарағандыда туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін (2004); Қазтұтынуодағының жанындағы Қарағанды экономика университетін (2006) бітірген.

Еңбек жолы: Қаржы полициясы академиясының оқытушысы, аға оқытушысы, ғылыми зерттеуші (2004-2009); Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) баспасөз орталығының ерекше маңызды істер жөніндегі аға инспекторы (2009-2010); Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы, баспасөз орталығының бастығы (2010-2012); Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі – ресми өкілі (2012); ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі – ҚР Мәжілісі Аппараты баспасөз қызметінің басшысы (2014-2016); ҚР Парламенті Сенатының Құқықтық сараптамалар бөлімінің бас консультанты, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы (2016-2017); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ОКҚ ресми өкілі – директор орынбасары (02.2017-04.2017); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі (04.2017-11.2017). 2017-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қоғаммен байланыс департаментінің басшысы.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қыркүйегінен.




36 жыл бұрын (1985) «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алтай Шоқанұлы КҮЗДІБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2005 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де Менеджмент магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолы: 2008-2009 жылдары – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Халықаралық еншілес ұйымдарды дамыту департаментінің бас маманы. 2009-2012 жылдары — «Бірінші несиелік бюро» ЖШС Қаржылық жоспарлау және қызметтерді дамыту бөлімінің басшысы. 2012-2013 жылдары — «Мемлекеттік несиелік бюро» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2013 жылы «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның Басқарушы директоры — Басқарма мүшесі болып тағайындалды. 2015-2020 жылдары — «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2020 жылғы тамыздан бастап.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай