Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

18 ақпан. Туған күн иелері

2021 жылдың 18 ақпан 2021 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




83 жыл бұрын (1938-2020) Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, Пәкістан ҒА мүшесі Кенжеғали Әбенұлы САҒАДИЕВ дүниеге келген.

Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (1960) бітірген.

Еңбек жолы: Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы (1960-1963); Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспиранты (1963-1966); Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарды (1966 жылдан); Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры (1982-1990); Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің (1993 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) ректоры (1990-1994); ҚР ҰҒА президенті (1994-1996); Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің, Халықаралық бизнес университетінің ректоры (1996-2004); ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (2004-2007); «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі (2007-2011); «Атамекен» Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі (2010 жылдан).

ҚР ҰҒА академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, ҚР ЖМ ҒА және ЖМ ХҒА академигі, Пәкістан ҒА мүшесі (2002). Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. «Қазақстанның Еңбек» сіңірген ғылым және техника қайраткері (2003). «Еңбек Қызыл Ту» (1971), «Халықтар Достастығы» (1987), «Парасат» (2005), II дәрежелі «Барыс» ордендерімен; бірнеше медальмен марапатталған. Кембридж өмірбаян орталығының «Жыл адамы – 1992» атағын алған.




60 жыл бұрын (1961) Түркістан облыстық сотының төрағасы Тұрысбек Ерболғанұлы МИЯТБЕКОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келді. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Алматы қаласы соттарының әкімшісі, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы, Алматы қалалық сотының судьясы, Бостандық,Талғар, Жетісу аудандары соттарының төрағасы болып жұмыс істеген.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап.




53 жыл бұрын (1968) Павлодар облысындағы Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Амангелдіұлы ҚАҢТАРБАЕВ дүниеге келді.

Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін бітірген.

1994 жылдың қыркүйек айынан ҚР Халықтық ғылыми академия мемлекет және құқық институтының қылмыстық-құқықтық проблемалар мен соттық құқық бөлімінің кіші ғылыми қызметкері. Ал 2009 жылдың қазан айынан Алматы қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің жетекші маманы. 2010 жылдың сәуір айынан Алматы қаласы Әділет департаменті Алатау ауданының Әділет басқармасының АХАЖ бөлімінің бастығы. 2010 жылдың шілде айынан Алматы қаласы Әділет департаменті Әуезов ауданының Әділет басқармасының бастығы. 2011 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың қыркүйек айына дейін Алматы қаласы Әділет департаменті бастығының орынбасары. 2012-2016 жылдары Павлодар облысы Әділет департаменті басшысы қызметін атқарды.2016-2019 жылдары Павлодар облысы, Май ауданының әкімі қызметінде болды.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың қыркүйек айынан бері атқарып келеді.




51 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ғалым Махмұтбайұлы ӘМІРЕЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысының Тасбөгет кентінде дүниеге келген. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтының Қашықтан білім беру институтын, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Қызмет» АҚ-да менеджер-тауартанушы болып бастаған. 1998-2000 жылдары Қызылорда шағын бизнес орталығында коммерциялық директор болып жұмыс істеген. 2000-2001 жылдары – «Пульс Кызылорды» жарнама агенттігінің директоры. 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің жетекші маманы, бас маманы. 2002 жылдан бастап 2004 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы. 2004 жылы – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитетінің шағын бизнесті үйлестіру және қорғау басқармасының бастығы. 2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық даму комитеті инновациялық және ғылыми-техникалық даму басқармасының бастығы. 2007 жылдан бастап 2010 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің индустриялық-инновациялық саясат департаментінің директоры, инвестициялық және инновациялық саясат департаментінің директоры, техникалық саясат, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық сала департаментінің директоры, инновациялық саясат департаментінің директоры. 2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жаңа технологиялар департаментінің директоры, жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің директоры. 2011-2013 жылдары – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ инновациялық саясат департаментінің директоры». 2013 жылдан бастап 2016 жыл аралығында – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2016-2019 жылдары – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі. 2019 жылы – Қызылорда облысы Әкімі аппаратының басшысы. 2020 жылы – Қызылорда облысы «Байқоңыр» ӘКК тәуелсіз директоры. 2021 жылы – «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.




47 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Айдын Маратұлы НҰРБЕКОВ дүниеге келген. Өскеменде туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер (1996). Еңбек жолы: Алматы қалалық сотының консультанты, жетекші консультанты (1995-1996); Талдықорған гарнизоны әскери соты төрағасының көмекшісі, ҚР Әділет министрлігі әскери соттар басқармасының инспектор-кеңесшісі (1996-1997); ҚР Әскери соты төрағасының көмекшісі (1997-2000); Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы (2000-2004); Алматы қалалық сотының судьясы (2004-2007); ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы (2007-2010); ҚР Әскери соты кассациялық сот алқасының төрағасы (2010-2015).

Қазіргі лауазымын 2015 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келеді.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай