Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

18,2 млн тонна астық бастырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 09:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті,, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл елімізде егін жинау жұмыстары уақтылы басталды, бұл ретте егін жинау науқанының қарқыны өткен жылға қарағанда жоғары. Мәселен, бүгінде республика бойынша барлығы 14,8 млн гектардан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жиналатын алаңының 93,4 пайызында егін жиналды. Ал өткен жылы осындай уақытта 10,3 млн гектар немесе 67,6 пайызы жиналған болатын. Гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы – 11,4 млн тонна)», - деді министр Үкімет отырысында.

Осы орайда ол дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.


Жоғары қарай