Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

160 мың Қазақстан азаматы сайлауға алғаш рет қатысты

2019 жылдың 10 маусым 2019 12:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 160 мың Қазақстан азаматы сайлауға алғаш рет қатысты. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Алғаш рет бұл сайлауға 160 203 жас қатысты. Олар алғаш рет дауыс берді. Бұған қоса, осы науқанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру құқықтарын қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай шаралар қабылданды. Алдын ала деректерге сәйкес, сайлау комиссиялары жасаған мүмкіншіліктерді учаскелерде ерекше қажеттіліктері бар 12 061 сайлаушы пайдаланды. Оның 3 502-сі кресло-коляскаға таңылған сайлаушы, 4 361-і көзі нашар көретін сайлаушы, 3 425-і мылқау және саңырау сайлаушы.", - деді ол Орталық сайлау комиссиясының отырысында.


null

Төраға орынбасарының айтуынша, заңнама талаптарына сәйкес дауыстарды санау 12 сағаттың ішінде жүргізілді. Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары сәйкесінше аумақтық сайлау учаскелеріне берілді.

"Сайлаушылар тізіміне 11 960 364 азамат тіркелген. Дауыс беруге 9 261 460 азамат немесе жалпы сайлаушылардың 77,4 пайызы қатысты", - деді К.Петров.

Жоғары қарай