Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

16 мамыр күнгі ауа райы болжамы

2022 жылдың 16 мамыр 2022 02:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 мамырда солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, онымен найзағай, жаңбыр, солтүстік-батыста қатты жаңбыр күтіледі. Тек елдің оңтүстігі мен орталығында антициклон жотасы ашық ауа райын қалыптастырады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста дауыл, бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста, шығыста тұман сақталады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 24-29 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с артады. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Өңірдің шығысында, солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с артады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ, 15-20 м/с екпінде жел болады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде жел 15-20 м/с артады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, тұман болжанады. Желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан облысында найзағай, 15-20 м/с кекпінде жел болжанады.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қарағанды облысының батысында желді күші 15-20 м/с жетеді.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай