Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

15 жасар қыз 11-қабаттан құлап, аман қалды

2021 жылдың 18 ақпан 2021 13:35

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат –Мәскеуде Новопеределкинский көшесіндегі көпқабатты үйдің 11-қабатындағы пәтер терезесінен құлаған он бес жасар қыз аман қалды. Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, ол омбы қарға құлағандықтан, тірі қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Кешке Новопеределкинский көшесіндегі көпқабатты үйдің 11-қабатындағы пәтердің бірінің терезесінен 15 жасар қыздың құлағаны туралы хабар келді. Қыз аман қалғанымен түрлі жарақаттар алды, сондай-ақ миы шайқалған. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр», - деп хабарлады агенттік.

Осы оқиғаға байланысты тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр.


Басты сөздер: Ресей, Оқиға,
Жоғары қарай