Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

15 мың телесабақ түсіріледі - Асхат Аймағамбетов

2020 жылдың 25 мамыр 2020 16:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 мың телесабақ түсіріледі. Бұл туралы онлайн режимде мұғалімдердің қатысуымен өткен конференцияда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр қашықтан оқыту кезінде үш мыңнан астам телесабақ дайындалғанына тоқтала келе, «Шынымен де елеулі жұмыстар атқарылды. Қазір тағы да 15 мың телесабақты түсіруді жоспарлап отырмыз, себебі бізге болашаққа дайындалу керек. Пандемияның екінші немесе үшінші толқыны болмаса да, сабақ өткізілмейтін аязды күндер кездеседі. Сонымен қатар, қыста жолдың жабылуына байланысты тиісті мерзімде балалар оқи алмайтын жағдайлар да туындауы мүмкін. Осындай күтпеген жағдайлар көптеп кездеседі», - деді.

Осы орайда А. Аймағамбетов телесабақтар білім беру үшін жақсы тәсіл екенін атап өтті.

«Жалпы, телевизиялық форматта дайын болуы үшін біз оқу жылының тұтас төрт тоқсанындағы сабақтарды түсіруді жөн санадық. Қазір арнайы алаңды даярлап жатырмыз, онда әрбір мұғалім өзінің сабақтарын тиісті талаптармен түсіру мүмкіндігіне ие болады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр телесабақтарды даярлауға белсенді қатысқан мұғалімдерді марапатады.

Жоғары қарай