Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

15 маусымнан бастап «Алматы-2 – Достық» бағыты бойынша  қосымша пойыз сапарға шығады

2021 жылдың 12 маусым 2021 12:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар тарапынан сұраныстың артуына байланысты жазғы маусымға аптасына екі рет қатынайтын «Алматы-2 – Достық» бағыытындағы № 221/222 қосымша коммерциялық жолаушылар пойызын іске қосты. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Алматы-2 стансасынан 2021 жылдың 15 маусымынан 28 тамызына дейін сейсенбі және сенбі күндері жөнелтіледі;

- Достық стансасынан 2021 жылдың 16 маусымынан 29 тамызына дейін сәрсенбі және жексенбі күндері келуімен/жөнелтілуімен;

- Алматы-2 стансасына 2021 жылдың 17 маусымынан 30 тамызына дейін бейсенбі және дүйсенбі күндері келеді.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеуді сұрайды. Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалануды ұсынады.

Сондай-ақ, карантин режиміне байланысты жолаушылардан жол бойында және елдегі вокзалдарда бетперде режимін сақтап жүрулерін сұраймыз.


Жоғары қарай