Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

15 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 14 маусым 2021 20:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, экологияны жақсарту мәселелері, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары қаралады.

Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де ҚР Қаржы министрлігінің Youtube арнасында министр Ерұлан Жамаубаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді. Кездесу барысында Қаржы министрі ведомствоның алдағы кезеңге арналған жұмыс қорытындылары мен жоспарлары туралы айтады.

11.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың жастар ұйымдарының жетекшілерімен бейресми форматтағы кездесуі өтеді.

11.00-де «Avenue» бизнес-орталығында Ирак Елекеевтің төрағалығымен Құқық қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік орман қорында 2 млрд ағаш отырғызу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Қаржы министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысы» өтеді.

Спикер: ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook


АЛМАТЫ

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова залында «Профессия: Продюсер #чашка_кофезамиллион» кітабының тұсаукесері өтеді, оның авторлары – белгілі кинопродюсер Әлия Уәлжанова мен кинотанушы Гүлнар Әбікеева. Бұл продюсердің шеберлігіне арналған Қазақстандағы алғашқы басылым, онда фильмдер мен сериалдарды шығару мен ілгерілетудің қазақстандық тәжірибесі жазылған.


Жоғары қарай