Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

15 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 20:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елордада 15 қыркүйек күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу және азық-түлікпен қамтамасыз ету қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл: сын-қатерлер, жетістіктер, тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Балалардың терезеден құлау фактілері» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Оған Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқарма басшысы Еркін Отарғалымұлы қатысады. Онлайн брифинг қала әкімдігінің Facеbook -тегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.

11.00-де ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы С. Әділов онлайн көрсетілім форматында қаржы пирамидасы туралы істің тергелу барысы жөнінде брифинг өткізеді.


Жоғары қарай