Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

15 қазан күні Қазақстанда өтетін шараларға шолу

2019 жылдың 14 қазан 2019 21:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Hilton Expo Hotel қонақ үйінде Онкология көшбасшыларының бүкіләлемдік саммиті өтеді.

9.00-де «Марден» бизнес-орталығына «Қоғамдық көлік: реформалар мен даму жолдары» тақырыбында конференция басталады.

14.30-да Ресей Федерациясы Омбы облысының делегациясы «Астана» халықаралық қаржы орталығына келеді.

15.00-де ҚР Президент істері басқармасы Медицинаның орталық ауруханасында молекулярлық-геномдық зертханаға баспасөз туры өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында 15 қазан - кітапханашылар күніне орай, Алматының ең үздік кітапханашылары марапатталады.

14.00-де Қазақстанның баспасөз орталығында «Әйелдер күші альянсының құрылуы» жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай