Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

14 шілде күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 14 шілде 2020 01:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Республиканың басым бөлігі әлі де антициклоның әсерінде болғандықтан, 14 шілде күні жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Елдің тек батысы мен шығысында найзағай, жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел соғады. Оңтүстікте және батыста шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с артады. Атырау облысында шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысында, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында - қатты, оңтүстікте өте қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысында, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай