Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

14 мың теңге салып, 114 мың пайда табу: Прокуратура астаналықтарды абай болуға шақырды

2020 жылдың 17 ақпан 2020 21:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы азаматтарды абай болуға және табыс табудың күдікті тәсілдеріне қызықпауға шақырады. Соңғы кездері әлеуметтік желі мен мессенджерлерде «Қазан» немесе «Қара касса» ойынына шақыратын хабарламалар тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СМС-хабарламаның мазмұны бойынша, ойынға қосылу үшін белгілі бір соманы енгізіп, соңынан адам тарту керек.

Яғни, жаңа ойыншыны қосқан сайын ақша түсіп отырады. Қатысушы ақша салады, содан кейін тағы жаңа адамдарды тартады. Осылайша пирамида кеңейе береді.

Ойынды ұйымдастырушыларда «қаржылық пирамида», яғни алаяқтық тәсілмен табыс табу белгілері бар.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы ҚР ҚК 217-бабы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша заңсыз табыс таппақ болған ойынды ұйымдастырушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартады.

Прокуратура Нұр-Сұлтан тұрғындарын абай болуға шақырады.


Басты сөздер: Заң, Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай