Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

14 мамыр. Туған күн иелері

2021 жылдың 14 мамыр 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» агенттігі оқырман назарына 13 мамыр күнгі «Есімдер» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




80 жыл бұрын (1941) белгілі актер, Қазақстан Республикасының халық әртісі, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржұман Байжұманұлы ЫҚТЫМБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы Кербұлақ ауданында туған. Алматы музыка училищесін, Панфилов педагогикалық училищесін және «Қазақфильм» студиясы жанындағы актерлік студияны бітірген, Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған.

Кинодағы мансабы кездейсоқ басталған. Болашақ киноактердің ауылына келген «Мазасыз таң» фильмінің түсіру тобы оны фильмге түсіруге шақырады. 1968 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының актері. Актер кинода әрқилы болмысты, мінезді кейіпкерлер бейнесін жасады, мысалы, «Адамдар арасындағы бөлтіріктегі» тұйық, қатаң мінезді, «Сталинге сыйлықтағы» жұмсақ мінезді, бірақ бірбеткей, ал «Барлаушыдағы» қарапайым, шығысқа тән даналық көрінетін кейіпкерлер, тағы басқалар. Актердің соңғы жұмыстарынан француз актері Ж. Депардьемен бірлесіп түскен «Кеш оянған махаббат» фильмін атауға болады. Актер анимациялық ленталарды дыбыстауға да қатысады («Қадырдың бақыты», 2000). 2007 жылы «Жол қараушы» фильміндегі ролі үшін «Адал жүрек» кинофестивалінде Бас жүлдені, 2009 жылы «Шәкен жұлдыздары» фестивалінің ең үздік актері, 2009 жылы Чебоксарыдағы МКФ - «Сталинге сыйлық», «ең үздік ер адам ролі үшін» сыйлығын, Қасым ролі үшін Бүкіламерикалық өнерді қолдау қауымдастығының арнайы жүлдесіне («Сталинге сыйлық») ие болған.




65 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Дәурен Зекенұлы ӘДІЛБЕКОВ дүниеге келді.

Новосібір электротехникалық институтын, Мәскеудің халық шаруашылығы академиясын бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Семей облысы Үржар ауданы «Бахты» кеңшарында бастаған. Кейіннен Алматы қаласындағы №1 Троллейбус паркінде шебер, аға шебер, цех бастығы, Трамвай депосының бас инженері, директоры болған. 1989-1992 жылдары - Алматы қаласы Совет аудандық атқару кеңесі төрағасының орынбасары. 1992-1994 жылдары - Алматы қаласы Совет аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. 1995-1997 жылдары - Қазақстанның кәсіпкерлікті дамыту және қолдау орталығы бас директорының бірінші орынбасары. 1997-1998 жылдары - Көкшетау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Сараптама-талдау бөлімінің сектор меңгерушісі. 1998-2004 жылдары - Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Көкшетау қаласының әкімі. 2004-2005 жылдары - Ақмола облысы әкімінің орынбасары. 2005-2006 жылдары - Көкшетау экономика және менеджмент институты кафедрасының профессоры. 2006-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Темір жол жылу» акционерлік қоғамының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Есіл департаменті бастығының міндеті атқарушысы, Көкшетау экономика және менеджмент институты кафедрасының профессоры қызметтерін атқарған. 2008-2017 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2020 жылдың қыркүйегінен бастап. «Құрмет» орденімен, «Астана» медалімен марапатталған.




59 жыл бұрын (1962) «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры,композитор, әнші Жеңіс СЕЙДУЛЛАҰЛЫ дүниеге келген.

Қызылорда облысында туған. Еңбек жолы: 1984-1987 жылдары - «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің оркестр әртісі; 1989-1994 жылдары - Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармония оркестрінің әртісі; 1994-1997 жылдары - «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің бас дирижері; 1998-2004 жылдары - Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі және ұйымдастырушысы; 2005 жылы - «Отан» Республикалық саяси партиясының Орталық аппаратында «Идеология» бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 2006-2013 жылдары - «Қазақ әуендері» АҚ филиалы «Гүлдер» ансамблінің директоры; 2013 жылы - «Қазақ әуендері» АҚ Алматы қаласындағы Аймақтық директоры; 2013-2014 жылдары - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында шығармашылық жұмыстар және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры; 2014 жылы - «Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК директоры; 2016-2018 жылдары - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры. 2018 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры болып еңбек етуде.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006), «Құрмет» орденінің иегері (2015). «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» (2007), «Алматы облысы Қаратал ауданының құрметті азаматы» (2015). «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Астана 20 жыл» (2018) мерекелік медальдарымен марапатталған.




49 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің Бас хатшысы Андрей Александрович КРЮКОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Олимпийского резервтің № 2 училищесін (1990); Қазақ денешынықтыру институтын денешынықтыру және спорт мамандығы бойынша(1994); РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы корпоративтік басқармасының Жоғары мектебін (2011), Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін, маркетинг (2011) бітірді.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасының жүзу федерациясы (1996-2001); ҚР Жүзу федерациясының спорттық директоры (2001-2005); ҚР судағы спорт түрлері федерациясының Бас директоры (2005-2008); Азияның жүзу федерациясының (AASF) вице-президенті (2006 жылдан бастап); ҚР Судағы спорт түрлері федерациясының Бас хатшысы (2008); Азия Олимпиада комитетінің Қысқы Азия ойындарының Бас үйлестірушісі (2011 жылдан бастап); ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті (2015, 2020 жылы қайта сайланды); ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі (2015-2016); ҚР Судағы спорт түрлері федерациясының президенті (2019 жылдан бері). Қазіргі қызметін 2020 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді. «Құрмет» орденімен (2014); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2012), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарімен марапатталды.

КСРО спорт шебері (1989), Қазақстан Республикасының су добы бойынша Халықаралық кластағы спорт шебері (1994), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2010); Қазақстанның су добы бойынша талай дүркін чемпионат жүлдегері мен Кубок иегері. Азия ойындарының жеңімпазы (Хиросима, Япония, 1994).

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай