Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

14 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 13 қаңтар 2021 22:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 қаңтар күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де VII шақырылған Парламент Мәжілісінің сайланған депутаттарын тіркеу туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді. Отырыс ҚР ОСК интернет-ресурсында онлайн көрсетіледі.

11.30-да «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің кездесуі өтеді. Кездесу аясында қаладағы бірнеше нысанда көшпелі іс-шаралар өтеді.

12.00-де Халықаралық Түркі академиясында «Қарабақ – Әзербайжанның жауһары: тарихы, мәдениеті, табиғаты», «Қарабақтың шынайы оқиғалары» және «Әзербайжан Халық Республикасы» кітаптарының тұсаукесері өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғашқы сапар орталығының ашылуы өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам, Оқиға,
Жоғары қарай