Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

13 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 12 қазан 2021 20:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 13 қазанда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов және ҚР су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аяшев. Көрсетілім сілтемелері: www.youtube.com.

17.00-де «Hilton» қонақ үйінде «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференция өтеді. Халықаралық конференцияға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері қатысады.

АЛМАТЫ

11.00-де «Атакент» орталығында «Көлік және логистика нарығы» атты халықаралық конференциясы және «Translogistica Kazakhstan 2021» халықаралық көрмесі ашылады.

11.00-де «Тұран» университетінде «International Debate and Research Center» халықаралық пікірталас және зерттеу орталығының ашылуы өтеді.


Жоғары қарай