13 қаңтар. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 13 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
Алматы (бұрынғы Талдықорған облысы) облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1980-1990 жылдары - В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Шығыс бөлімінде аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер. 1990-1992 жылдары - Қазақ ғылыми техникалық ақпарат ғылыми зерттеу институтының бөлім меңгерушісі. 1992-1994 жылдары - Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалым-хатшысы. 1994-1996 жылдары - ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінің басқарма бастығының орынбасары. 1996 жылы - ҚР-ның ТМД қатысушы елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы. 1998-2000 жылдары - ҚР СІМ үшінші, екінші, бірінші хатшысы, бөлім бастығы, басқарма бастығы. 2000-2003 жылдары - Қазақстанның Беларусьтағы елшілігінің кеңесшісі. 2003-2004 жылдары - ҚР СІМ ТМД істері комитеті төрағасының орынбасары. 2004-2005 жылдары - ҚР СІМ ТМД департаментінің директоры. 2005-2006 жылдары - ҚР-ның Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары - ТМД атқару комитеті төрағасының орынбасары - атқарушы хатшысы. 2007-2013 жылдары - ҚР-ның Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесші-елшісі. 2013-2016 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары. Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2016-2020), Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2017-2020). Медальдармен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.
Бауыржан Момышұлы атындағы Әскери мектепті (1989), А.Ф.Можайский атындағы Әскери инженерлік-ғарыш академиясын (1994), «Әділет» Жоғары құқық мектебі – Заң академиясын (2002) бітірген. Еңбек жолы: Әскери-әуе күштерінің әскери бөлімшелерінде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған (1994-1999); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімдерінде қорғаныс және құқықтық тәртіп жөніндегі жауапты қызметкер (1999-2002); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында жұмыс істеді (2002 жылдан бастап). Қазіргі лауазымын 2015 жылғы маусымнан бері атқарып келеді. «Құрмет» орденімен (2015), 13 мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.