Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

12 тамыз: Туған күн иелері

2020 жылдың 12 тамыз 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 12 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




53 жыл бұрын (1967) Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Мұратұлы ЫДЫРЫСОВ дүниеге келген.

Көкшетау қаласында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын агроном мамандығымен (1990); Республикалық салааралық есеп және статистика институтын есепші-экономист мамандығымен (1997) бітірген.

Еңбек жолы: Көкшетау облысындағы «Садовый» кеңшарының агрономы (1991 жылдан бастап); Көкшетау және Ақмола облыстары бойынша Салық басқармасында түрлі лауазымдар атқарған (1992-1999); Атбасар ауданы бойынш Салық комитетінің төрағасы (2000-2006); «Бурабай» МҰТП» директорының орынбасары (2006-2008); Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының ведомствоға бағынышты ұйымдарды басқару бөлімінің меңгерушісі (2008-2018).

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.




51 жыл бұрын (1969) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қолбасшылық өкілі Ержан Жиқсанғалиұлы МЫРЗАБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Армия генералы В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін аяқтады (1990): РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясы жанындағы Әскери қаржы-экономикалық факультетін бітірді (1999).

Еңбек жолы: ҚР ҰҚК Шекара қызметі қаржы қызметінің бастығы, инспекцияның инспектор-ревизоры, департамент бастығының орынбасары, бас қаржы инспекциясының бастығы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының орынбасары болды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015) медальдарымен марапатталған.




40 жыл бұрын (1980) «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мирас Берікұлы БЕЙСЕМБАЕВ дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған. Қазақ заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Аудитор» мамандығы бойынша, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 2001-2006 жылдары – «Қазпошта» АҚ Мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы, Мемлекеттік сатып алулар және логистика бөлімінің бастығы, әкімшілік басқару мүлкімен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы, филиалдармен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы, бас заң кеңесшісі. 2006-2009 жылдары – «Вектор Строй» ЖШС директорының орынбасары. 2009 жылдың маусым-қыркүйек айларында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Заң департаментінің менеджері қызметін атқарды. 2009-2010 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Заң департаментінің Бас менеджері. 2010-2012 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Субсидиялау департаментінің директоры. 2012-2015 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарушы директор – Басқарма мүшесі. 2015-2017 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың сәуір айынан бастап.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай