Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

12 мыңнан астам тараздық баласына алимент төлеуден жалтарып жүр

2019 жылдың 19 қазан 2019 13:34

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында баласына алимент төлемей жүрген әкелер саны артуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл осылай дабыл қаққан қалалық прокуратура өкілдері уәкілетті органдармен бірге алимент өндіру және заңдылық тәртіпті қадағалау мақсатында жиын өткізді.

Келелі кеңесте міндеттерінен қасақана жалтарып жүрген борышкер әкелер саны бірнеше мыңнан асып жығылатыны айтылды.

«Тараз қаласы бойынша баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-аналар саны 12 мыңнан асқан. Айталық қыркүйек айында 10 күн ішінде борышкерге қатысты әкімшілік іс-қозғалып, нәтижесінде 8 адам қамауға алынып, одан бөлек 3 жауапкершілігі жоқ әкеге әкімшілік айыппұл салынған. Отбасылық кішігірім даудан, үлкен мемлекеттік мәселеге айналып отырған бұндай кикілжіңдер қоғам мен бала тәрбесіне де кері әсері орасан зор», - дейді Тараз қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Нұрсұлтан Тілешов.

Жауаптылардың айтуынша, борышкерлердің өз міндеттерінен жалтаруына басты себеп – жұмыссыздық. Сондай-ақ, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қала көшелеріне арнайы билбордтар ілінсе, ЛЕД экрандардан отбасылық видео жазбалар көрсетіліп жүр.

Автор Қажы Мұрат
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Прокуратура,
Жоғары қарай