Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

12 маусым. Туған күн иелері

2021 жылдың 12 маусым 2021 08:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 12 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




66 жыл бұрын (1955) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Васильевич ВОЛКОВ дүниеге келді.

Қостанай қаласында туған. 1982 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Еңбек жолын 1974 жылы ҚазССР Министрлер Кеңесі жанындағы Дене шынықтыру және спорт комитетінің нұсқаушысы болып бастап, Бүкілодақтық еріктілер спорт қоғамдарында жаттықтырушы-оқытушы болды. 1982-1990 жылдары Қазақ мемлекеттік университеті әкімшілік және мемлекеттік құқық кафедрасының ассистенті, заң факультетінің кешкі-сырттай оқыту бөлімі деканының орынбасары болып жұмыс істеген. 1990-1993 жылдары ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің аға референті, сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төрағасы орынбасарының көмекшісі, 1993-1994 жылдары Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, 1994-1996 жылдары ҚР Президент аппараты Ұйымдастыру-бақылау басқармасының консультанты, мемлекеттік инспекторы, 1996-2016 жылдары ҚР Парламент Сенаты аппаратының Ұйымдастыру, Ұйымдастыру-кадр жұмысы, Ұйымдастыру-талдау жұмысы, Әкімшілік бөлімдерінің меңгерушісі, Сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ақпараттық-талдау бөлімінің бас консультанты, меңгеруші орынбасары болып қызмет істеген. 2016-2017 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары болған. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бері. «Ерен еңбегі үшін», «МПА СНГ. 20 лет» медальдарімен, ҰҚШҰ ПА Құрмет грамотасымен марапатталған.




62 жыл бұрын (1959) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Рысқали Қалиақбарұлы ӘБДІКЕРОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, Жалпыодақтық Лениндік коммунистік жастар одағының Орталық комитеті жанындағы Жоғарғы комсомол мектебін, Алматы саясаттану және басқару институтын, Жезқазған агротехникалық колледжін бітірген. Тарихшы, тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, саясаттанушы, технолог. Қарағанды облысы Ақтоғай, Ұлытау, Осакаров, Шет аудандарының әкімі, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы болып қызмет атқарды. 2017 жылдың маусым айынан қазіргі қызметінде.




58 жыл бұрын (1963) Шавкат Әнесұлы ӨТЕМІСОВ дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылында туған. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Институт бітіргеннен кейін Орал облысының Чапаев ауылындағы № 1 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1985-1987 жылдары - Совет әскері қатарында қызмет өткерді. 1985-1992 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Чапаев аудандық комитетінің нұсқаушысы, комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Орал облыстық комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, хатшысы, екінші хатшысы. 1992-1994 жылдары - Орал облыстық әкімшілігінің Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы. 1994-1998 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Жастар істері, туризм және спорт жөніндегі басқарма бастығы. 1998-2000 жылдары – Батыс Қазақстан облысы Туризм және спорт басқармасының бастығы. 2000-2001 жылдары – Батыс Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы. 2001-2002 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2002-2006 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі. 2006-2007 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2007-2011 жылдары – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012-2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2016 жылғы наурыздан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі «Құрмет» орденімен марапатталған (2016-2021).




57 жыл бұрын (1964) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Нұрлан Құдиярұлы БЕКНАЗАРОВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Шымкент политехникалық техникумын, Алматы халық шаруашылығы институтын, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Шымкент университетін бітірген. Техник-құрылысшы, инженер-экономист, экономист-финансист, заңгер. Еңбек жолын 1984 жылы «Октябрьге 50 жыл» орталық стадионының жұмысшысы болып бастаған. 1985-1986 жылдары «Октябрь» орта мектебі директорының орынбасары, 1986-1992 жылдары Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның әдіскері, инженері, бас инженері, басшы орынбасары, басшысы болып жұмыс істеген. 1993 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік сақтандыру фирмасы бас директорының бірінші орынбасары, 1996-2003 жылдары «Сенім» ЖАҚ, «Санұр» ЖШС, «Трансойл» АҚ филиалдары директорының орынбасары. 1999 жылдан бастап 5 рет Шымкент қалалық мәслихатына II, III, IV, V, VІ шақырылымдарға депутат болып сайланды. 2003-2008 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының 2 шақырылымында тексеру комиссиясының төрағасы. 2011-2018 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. Қазіргі қызметінде – 2018 жылдың қазанынан.




55 жыл бұрын (1966) ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сейпелұлы САПАРОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красный cелосында дүниеге келген. 2006 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Зооинженер, мемлекеттік басқару бакалавры мамандықтарына ие. Институтты аяқтаған соң Булаев ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мамандығы бойынша жұмыс істеген. 1995-2003 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Ноғайбай» ЖШС директоры, бас директоры. 2003-2005 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Продкорпорация» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары. 2005-2006 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Продкорпорация» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары, Петропавл қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының бастығы. 2006-2008 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі. 2008 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың сәуіріне дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі. 2010 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары. 2011 жылдың қыркүйегінен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурызынан. «Құрмет» орденімен (2008 ж.), «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2008 ж.) марапатталған.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай