Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

12 қазан күні Ресейдің Қазақстандағы Мәдениет күндері басталады

2021 жылдың 11 қазан 2021 09:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 қазан күні Нұр-Сұлтанда Ресейдің Қазақстандағы Мәдениет күндері басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 12 қазан күні сағат 19:00-де «Qazaqstan» Орталық концерт залының сахнасында жетекші ресейлік орындаушылар мен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қатысуымен гала-концерт өтеді. Концертке халықаралық байқаулардың лауреаттары Анна Аглатова (сопрано), Владислав Куприянов (баритон), Владимир Магомадов (контратенор), Константин Емельянов (фортепиано), Александр Рамм (виолончель), Гайк Казазян (скрипка) Анастасия Тюрина (балалайка) қатысады. Сонымен қатар қазақ әншілері өнер көрсетеді. Дирижер пультінде – Осетия Республикасы – Аланияның еңбек сіңірген әртісі Заурбек Гугкаев.

12-19 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында Вологда мемлекеттік тарихи-сәулет және өнер мұражай-қорығының жинақтары ұсынылатын «Вологда шілтері» жылжымалы көрмесі өтпек. Көрменің ресми ашылуы – 12 қазан, сағат 16:00-де (ҚР Ұлттық мұражайы).

Ресейдің Қазақстандағы Мәдениет күндері Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Шараны ұйымдастырушы – «Росконцерт» Федералды мәдениет мекемесі.

Мәдениет күндері Ресей мен Қазақстанның мәдениет саласындағы дәстүрлі достық ынтымақтастығын нығайту мен дамытуға бағытталған, сонымен қатар шынайы құндылықтар мен мәдени мұраларды одан әрі сақтауға ықпалдасуға шақырады.


Жоғары қарай