Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

12 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 11 қазан 2021 21:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 12 қазанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, ұлттық жобалар қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де, Есіл ауданының полиция департаментінде «Полиция қызметкерлерінің кәсіби қызметі мен дене дайындығы» тақырыбында брифинг өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралары туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Оралов Асхат Раздықұлы; Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұратов Тимур Мұратұлы; Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Бейсенова Сархат Сағынтайқызы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

13.30-де St. Regis Astana қонақ үйінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстандағы Ресейдің Мәдениет күндері аясында «Вологда шілтері» атты көрменің ашылуы өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай