Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

11 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 10 қазан 2021 21:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 11 қазанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Астана - Теплотранзит» акционерлік қоғамында 2020 жылғы және 2021 жылдың І жартыжылдыққа инвестициялық міндеттемелерін орындау» тақырыбы бойынша баспасөз туры өтеді.

Өтетін орны: «Астана – Теплотранзит» АҚ өндірістік нысандары.

11.00-де онлайн-көрсетілім форматында брифинг өтеді. Брифинг тақырыбы: «Есірткі қылымысына қарсы күрес».

Спикер: Берікхан Ағубайұлы Нұрғалиев, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы.

15.00-де Мәңгілік ел даңғылы, 55/13, С 2.1 блок, 2-қабат мекенжайында «Елбасы медалін» тапсыру салтанаты өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Елбасы академиясы іске асырып жатқан «Елбасы медалі « жобасы - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.

Жоба 14-29 жас аралығындағы жастарға қолдау көрсетеді.

17.45-де Бибігүл Төлегенованың XI Халықаралық вокалистер байқауының финалистер концерті мен марапаттау рәсіміне орай Бибігүл Төлегенованың қатысуымен баспасөз сұхбат ұйымдастырылады.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Жоғары қарай