Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«100 жаңа оқулық» жобасы биыл мәресіне жетеді

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 17:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2017 жылы басталған «100 жаңа оқулық» жобасы мәресіне жақындап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: прагматизм мен сананың ашықтығына апарар жол» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды.

2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбев әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіне таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасауды тапсырған болатын. 2017 жылы басталған жоба мәресіне жақындап қалды.

«Биыл пандемияға байланысты көп іс-шара онлайн форматта өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы алғашқы кезеңде бекітілген арнайы 13 жобаның ішінде Рауан Кенжеханұлы басқарған қоғамдық қор тарапынан үлкен жұмыс жүзеге асырылып, биыл мәресіне жақындап қалдық. Осы кезге дейін аударылған кітаптарды студенттер жақсы қабылданып жатыр. Бұл бізді қуантады, себебі бұл « Рухани жаңғыру» бағдарламасының қолмен ұстап көруге болатын жемісі. Осының арқасында ауылдан келген жастардың ана тілінде сапалы білім алуына мүмкіндік туып отыр», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Рухани жаңғыру бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры Нұрлан Күнтуов.

Қазақстандық қоғамдық даму институтына қарасты «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Жанар Боқанованың айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ең сәтті іске асқан жобалардың бірі - «Жүз жаңа оқулық» жобасы.

«Осы жоба бойынша нақты тұжырымдама қабылданып, нақты мақсат-міндеттері, негізгі кезеңдері көрсетілді. Сол себепті бұл жоба сәтті іске асты. Сонымен қатар, Ұлттық аударма бюросы ұжымының жақсы жұмыс істеуі негізінде осындай жақсы нәтиже көріп отырмыз», - дейді ол.


Жоғары қарай