Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

100 жаңа оқулық: Әр оқулық 10 мың данамен шығарылады

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 19:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулық еліміздегі 132 оқу орнына таратылады. Бұл туралы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: прагматизм мен сананың ашықтығына апарар жол» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің университеттің кітапханасында Ұлттық аударма бюросының 48 оқулығы бар. Еуразия ұлттық университетінде 19 мыңнан аса білім алушы бар десек, соның 60%-нан жоғарысы - қазақ бөлімінде оқитындар. Оқулықтарды аударуға біздің оқу орындарының ғалымдары да үлес қосты», - дейді Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы.

Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлының қазақ тіліне аударылған оқулықтар жоғары оқу орындарына қалай таратылатыны туралы айтты.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі бізге 132 оқу орнының тізімін берді. Әр оқу орнындағы студенттердің санына, оқулықтардың бағытына қарай тарату тәртібі бар. Оқулықтарды оқу орындарына тарату біздің мойнымызда. 132 оқу орнының ішінде мемлекеттік оқу орны да, жеке меншік оқу орны да, маманданған арнайы оқу орындары да бар. Әр оқулықтың таралымы - 10 мың дана. Кітапханада оқулық жетпей жатқан жағдайда смартфоннан ғаламторға кіріп, тауып оқуға болады», - дейді ол.


Жоғары қарай