Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

10 жылда бюджет есебінен 364 кино түсірілген

2021 жылдың 16 сәуір 2021 12:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейінгі 10 жылда мемлекеттің қолдауымен 81 көркем фильм, 10 сериал, 69 дебют, 40 анимациялық фильм, 164 деректі фильм түсірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов мәлім етті.

«Мемлекет қаржыландыратын фильмді іріктеудің өлшемдері оның жоғары көркемдік деңгейі, халықтың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті, мемлекеттік мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының танылуына қызмет етеді.

Соңғы 10 жыл ішінде барлығы 364 фильм түсірілді. Оның ішінде: 91 көркем фильм (оның ішінде 10 сериал), 69 дебюттік фильм, 164 деректі фильм, 40 анимациялық фильм бар», - деді вице-министр редакция сауалына жолдаған жауабында.

Нұрғиса Діуешовтің айтуынша, заңнамаға ұлттық фильмдердің прокатынан түскен қаражаттың 20 пайызы мемлекетке қайтару талабын енгізілген.

Ведомство өкілі киноға бөлген қаражатты игерушілер қалай іріктелетінін де түсіндірді .


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Өнер, Мәдениет,
Жоғары қарай