Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

10 сәуір. Туған күн иелері

2021 жылдың 10 сәуір 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 10 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




74 жыл бұрын (1947 жылы) қарымды қаламгер, зерттеуші-журналист Жарылқап БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Молыке Шойманов ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1969-1990 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді. 1990-1997 жылдары «Ана тілі» газетінің тұңғыш Бас редакторы қызметіне тағайындалды. 1997 жылдың соңынан - «Қазақ ақпарат агенттігі» директорының орынбасары, 2002 жылы осы агенттік негізінен құрылған «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы» АҚ қазақ редакциясының бас редакторы болды. 2014-2017 жылдар аралығында «Мәдени мұра» журналының бас редакторы қызметін атқарды. «Шоқан ізімен» (1977), «Буырқанған бояулар» (1981), «Әдеп әлемі» (1982), «Жасын-тағдыр жарқылы» (1987), «Қазақ шежіресі» (1994), «Арғы түрктер ақиқатының ізімен»(2006) атты деректі-танымдық, эссе, зерттеу кітаптарының, сондай-ақ «Шоқан» роман-эссесінің (2009) авторы. Бұл роман-эссе кітабы 2015 жылы орысшаға аударылып, оның таныстырылымы сол жылдың соңында Мәскеу қаласындағы Орыс Географиялық қоғамының штаб-пәтерінде өтті. Сонымен бірге 2015 жылы Астанадағы Түркі академиясының жобасы бойынша «Орталық Азиядағы арғытүрк сипатты мәдениеттер: этнотектік аспектілер» монографиясы жарық көрді.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1982).




61 жыл бұрын (1960) Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Махатұлы ТҰРЛАШОВ дүниеге келді.

Алматы темір жол транспорты инженерлері институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қаскелең ауданы «Жетісу» кеңшарында құрылыс цехының жұмысшысы болып бастаған. Әр жылдарда бригадир, шебер, бас прораб, құрылыс учаскесінің бастығы, кооператив төрағасы, «Алматыагрохим» АҚ бөлім бастығы, Талғар ауданы «Красное поле», «Горный садовод», «Гүлдала» ауылдық округтерінің әкімі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі қызметтерін атқарған. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

2016 жылдың сәуір айынан - қазіргі қызметінде.




53 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының бастығы Бауыржан Садықұлы ӘБЖАНОВ дүниеге келді.

Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола) Еңбекшілдер ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген.

1990 жылы КСРО ІІМ Новосибирск жоғары әскери командалық училищесін, 1998 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны үздік, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының академиясын, 2013 жылы Мәскеу қаласында үздік бітірді.

Взвод командирінен бастап өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысына дейін офицерлік мансабының барлық сатыларынан өтті. Әскери институтқа тағайындалғанға дейін 2016-2018 жылдары ҚР Ұлттық ұланы Әскери Кеңесінің хатшысы-инспекторлық – талдау басқармасының бастығы болды.

Қазіргі қызметін 2018 жылдан бері атқарып келеді.




44 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІІ шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Юрий Виссарионович ЛИ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

Білімі: 1992-1995 жылдары - Алматы экономикалық колледжі. Бухгалтерлік есеп. 1995-1999 жылдары - «Әділет» жоғары құқық мектебі. Құқықтану. 2002-2004 жылдар аралығында Халықаралық бизнес академиясы. Қаржы және несие.

Еңбек жолы: 1999 – 2000 жылдары - Қазақстан Республикасында ұлттық лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Атқарушы дирекцияның заңгері; 1999 - 2001 жылдары - Абылай хан атындағы Қазақ Мемлекеттік Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті кафедрасының оқытушысы; 2000 – 2004 жылдар аралығында «Строймонтаж» ААҚ-ның заңгері; 2001 – 2004 жылдары - «Гестор-Доминус» ЖШС директорының орынбасары, директоры; 2004 - 2007 жылдары - «Caspian Investment Holding» АҚ заң департаментінің директоры»; 2006 – 2006 жылдар аралығында «Каспий банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі; 2007 – 2007 жылдары - «Caspian Investment Holding» АҚ президентінің кеңесшісі, басқарушы директоры; 2008 – 2011 жылдары - «Kaspi bank» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары; 2014 – 2017 жылдары аралығында «БТА Банкі» АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі; 2018 - 2021 жылдары - «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы; 15.01.2021 жылдан бастап қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.




43 жыл бұрын (1978) Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Игілікұлы ҚИЛЫБАЙ дүниеге келді.

Маңғыстау облысында туған. Алматы теміржол инженерлері институтын (инженер, 1999); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (экономист, 2003) бітірген.

Еңбек жолы: Атырау қаласындағы көлік бөлімінің станциясында қызмет атқарған (1999-2000); «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»АҚ магистральдық желісінің магистрі, бас маманы, бөлім бастығы (2002-2005); Экономика және тарифтік саясат департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары (2005-2009); «Вокзал Сервис» АҚ президенті (2009-2010); «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры (06.2010-10.2010); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы (2010-2011); «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің кеңесшісі (09.2011-11.2011); «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы - «Маңғыстау жол бөлімшесі» директоры (2011-2012); ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы (2012-2013); «ҚТЖ» ҰК «АҚ басқарушы директоры - аппарат басшысы (2013-2015); «Жолаушылар тасымалы» АҚ президентінің міндетін атқарушы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы (2015 жылдан бастап); «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атқарушы директоры - президенті (03.2017-11.2017); «Теміржолсу» АҚ Басқарма төрағасы - бас директоры (2017-2018). 2018-2020 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай