Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 408.61
EUR 454.09
RUB 5.86
CNY 57.28

10 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылдың 10 сәуір 2020 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2019 жылғы 10 сәуірге арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық бауырлар күні

1998 жылдан бері аға-әпке, іні-қарындастар күні бүкіл әлемде атап өтіледі. Алғашқыда бұл мейрам АҚШ-та бастау алды. Кейіннен жер бетінің көптеген халықтарына тарап, Үндістан, Қытай, Еуропа, Африка елдеріне дейін жетті. Бұл мейрам отбасылық, туыстық тамырлар дәстүрлерін жалғастыру мен оларды насихаттауға шақырады.

Халықаралық қарсылық қозғалысы күні

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (1939-1945) Үшінші рейх әскері басып алған аумақтардағы фашистерге қарсы күрескендердің барлығына арналған.

Қарсылық қозғалысы неміс әскерлеріне қарсы тұрған оккупацияланған аумақтардың тұрғындарының қатысуымен ұйымдастырылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының орталығы - Бурное ауылының атауы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен Бауыржан Момышұлы атындағы ауыл болып өзгертілді.

1996 жылы Алматыда Еуропалық комиссия өкілдігінің ресми ашылуы болды.

2002 жылы Қазақстан Республикасының аумағында «Космонавтика күні» сериясымен екі пошта маркасы айналымға шықты. 2002 жылғы 8-12 сәуір күндері аралығында Алматыға әлемдегі алғашқы ғарыш саяхатшысы Дэннис Тито сапармен келді. Ол маркалардың таныстырылымына арналған салтанатты шараға қатысуға ниет білдірді.

Бірінші маркада «Союз ТМ-32» экипажы ғарышкер-ұшқыш Талғат Мұсабаев, бортинженер Юрий Батурин мен Денис Тито бейнеленген. Марканың сол жақтағы астыңғы бұрышында «Союз ТМ-32» кемесінің эмблемасы және барлық ғарышкерлердің аты-жөні бейнеленген. Екінші марканың ортасында Жер планетасы және Қазақстаның, Ресейдің және АҚШ-тың желбіреген байрағы орналасқан.

2006 жылы Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Семей полигонында зардап шеккендерге арналған Еуропарламент депутаты Струан Стивенсонның «Мәңгілік қасірет» кітабы мен белгілі актриса Кимберли Джозеф фотокөрмесінің таныстырылымы өтті. Қазақстанда, оның ішінде Семей аймағында бірнеше рет болған С.Стивенсонға полигон проблемасына деген тұрақты қамқорлығы үшін «Семейдің құрметті азаматы» атағы берілген.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен аралас гидроэлектрстанцияларын салу бойынша ынтымақтастық туралы келісім бекітілді.

Бірлескен гидротехникалық қондырғылар оны тең дәрежеде иеленетін қатысушы мемлекеттердің меншігі болады.

2017 жылы Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы «Singer - 2017» байқауының оныншы кезеңінде қазақ-қытай тілінде орындаған «Ұмытылмас күн» әні «Азияның жаңа әндері» (Freshasia music) рейтингінде бірінші орынға шықты.

Жаңа рейтингте Димаштың «Ұмытылмас күн» әні 118 400 ұпай жинап 1- орын алды.

2019 жылы Шри-Ланкада 18 жасқа дейінгі Азия чемпионатында қазақстандық шахматшылар 9 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Турнирге әлемнің 23 елінен 572 спортшы қатысты.

2019 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Қазақстанға арналған көркем көрме ашылды. Онда қазақстандық жас фотосуретшілердің - ҚР Тұңғыш Президенті Қорының гранттары мен ЮНЕСКО-ның «The Planet of ART-2018» халықаралық фестивалінің жас жеңімпаздарының суреттері көрсетілді.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай