Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

10 өңірінде ескерту жарияланды: Қарағанды облысында үсік жүреді

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 18:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады , түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында кей жерлерде түман күтіледі. Түнде 23 қыркүйекте облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Семей қаласында да күндіз 23 қыркүйекте жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында күндізкей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

23 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында да тұман түсіп, жел соғады.

Күндіз 23 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.


Жоғары қарай