Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 31 қазан 2021 21:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

1 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсуі мүмкін.

1 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында және облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде және солтүстік-шығысында күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең түнде және таңертең Таразда тұман түсуі мүмкін.

1 қарашада Ақтөбе облысында батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

1 қарашада Алматы облысының солтүстік-шығысында жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с.

1 қарашада Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Қарағанды қаласныда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

1 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда ертең түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

1 қараша Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

1 карашада түнде Павлодар облысының батысында көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдін екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.

Павлодар қаласында ертең күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

1 қарашада Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соңуы ықтимал. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді.

1 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда ертең жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай