Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

10 мыңнан астам отандасымыз Қытайда жүр - Елжан Біртанов

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 20:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инвекциясы тарап жатқан Қытайда қазіргі таңда 10 мың қазақстандық жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Қытайда жүрген азаматтарымыз көп-ақ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 10 мыңнан астам отандасымыз Қытайда жүр. Қазақстан азаматтары, әрине, елге оралуы керек. Біз әуе сапарларын шектемейміз, олар қайтып келіп жатыр. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда Қытайдың басқа аймақтарынан азаматтарды эвакуациялау үшін Үкімет қазіргі уақытта чартерлік рейстерді қолдана отырып, оларды елге әкелуді қарастыруда. Қазақстан азаматтарының ҚХР-дың басқа қалаларынан оралуына ешқандай шектеу жоқ», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қазақстандықтар рейстік ұшақтармен де, чартерлік рейстермен де елге орала алады.

«Үкімет ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірге барлық мәселені бақылауда ұстап отыр. Барлық азаматтармен байланысымыз бар. Олардың жағдайын да қадағалап отырмыз. Бүгінгі таңда Қазақстан азаматтары арасында мұндай жағдайлар тіркелген жоқ. Олардың өтініші бойынша елге қайтарамыз. Ал шынтуайтында олардың бәрі бірдей елге қайтқысы келіп отырған жоқ. Бұл жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.


Жоғары қарай