Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

10 айда 11,3 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді

2021 жылдың 30 қараша 2021 10:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 10 айында 11,3 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту аяқталғаннан кейін өндіру көлемінің өсуі байқалады. Осы жылдың 10 айында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 11,3 млн тоннаны немесе 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 109 пайызды құрады», - деді өңдеу өнеркәсібін дамыту туралы баяндаған министр.

Оның атап өтуінше, мұнай өнімдерін өндірудің 2021 жылға арналған жоспары 13,1 млн тоннаны немесе 2020 жылғы көрсеткіштің 105 пайызын құрайды.


Жоғары қарай