Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

1 сәуірден бастап Маңғыстауға келетін жолаушы пойыздары тоқтайды

2020 жылдың 31 наурыз 2020 20:00

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауға келетін бүкіл жолаушылар пойызы тоқтайды. Бұл туралы аймақтық коммуникация орталығында өткен брифингте «Маңғыстау» теміржол вокзалының басшысы Алма Айымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізілуіне байланысты, «Маңғышлақ – Нұр-Сұлтан» бағытындағы пойыздың соңғы бекеті болып Атбасар белгіленсе, «Маңғышлақ – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы тек Шу бекетіне дейін жүрді. Аталған бағыттар 30 наурыз күні жолаушыларды тасуды тоқтатты.

Сондай-ақ, жергілікті Маңғыстау – Бейнеу бағытындағы пойыз да 30 наурыз күні соңғы рет жөнелтілді. Айта кетейік, ертеңнен бастап Маңғыстаудан Атырау, Ақтөбе қалаларына қатынайтын барлық пойыз тоқтайды.

Өз кезегінде Алма Айымқұлова төтенше жағдай аясында вокзалдың жұмыс істеу тәртібін, сақтық шараларын айтып өтті. Келіп-кетуші жолаушылардың барлығын эпидемиологтар арнайы құралмен, тепловизормен тексереді.

«Осы күнге дейін вокзалда коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. Қызметкерлеріміз бен жолаушылардың қауіпсіздігі тиісті мамандардың жіті бақылауында», - деді Алма Айымқұлова.


Жоғары қарай