Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

1 маусымнан ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға қатысты шектеулердің күші жойылады

2020 жылдың 29 мамыр 2020 12:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға шектеулерді алып тастау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылдың 1 маусымынан бастап ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға барлық шектеулер алынып тасталады. Экспорттық шектеулерді алып тастау туралы жаңа бұйрық 2020 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді», делінген аталған министрліктің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне және Мемлекет басшысының ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жетіспеушілігін болдырмау туралы бұйрығына байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік қауіпсіздігі себептері бойынша әрі жаңа өнім жиналғанға дейін жеткілікті қорды сақтау мақсатында ауылшаруашылық экспортын уақытша реттеуді енгізген болатын.


Жоғары қарай