Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

1 маусым. Туған күн иелері

2020 жылдың 1 маусым 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 1 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




80 жыл бұрын (1940-2010) әдебиет зерттеушісі, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген техника және ғылым қайраткері Рымғали Нұрғалиұлы НҰРҒАЛИЕВ дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1968-1986 жылдары осы университеттегі филология факультетінің доценті, профессоры, деканы қызметтерін атқарған. 1986-1997 жылдары - Қазақ энциклопедиясының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Терминология, ономастика және мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі. Оның басшылығымен «Қазақ КСР: Қысқаша энциклопедия», «Балалар энциклопедиясы», «Қарағанды», «Алматы», «Абай», «Ислам» энциклопедиялары шықты. Әдеби зерттеу еңбектері ұлттық драматургияның даму тенденциялары мен теориялық мәселелеріне арналған. Негізгі зерттеулері «Сабыр Шәріпов. Өмірі мен шығармашылығы» (Б.Кенжебаевпен бірге), «Трагедия табиғаты», «Талант тағдыры», «Күретамыр. Қазақ драматургиясының поэтикасы», «Өнер алды - қызыл тіл», «Қазақ драматургиясы», «М.Әуезов және Алаш». Оның «Дән», «Жартастағы қарағай», «Атшабыс ертең», «Оқ» прозалық жинақтары бар. Сондай-ақ Л.Толстойдың «Әзәзіл» повесін, Н.Ф.Погодиннің «Салтанат жырын» қазақ тіліне аударған. 300-ден астам жұмысы Франция, Түркия, Үндістан, Қытай және басқа да мемлекеттерде басылып шыққан. «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.




70 жыл бұрын (1950) әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайрат Әукенұлы БАЙБОСЫНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған. Алматы эстрада-цирк студиясын бітірген. 1969-1988 жылдары - «Гүлдер» ансамблінің әншісі әрі Алматы эстрада-цирк студиясының оқытушысы. 1988-1999 жылдары Алматы консерваториясының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры болған. Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры.

Ұмыт болған, сирек орындалатын әндерді халық арасына таратуда елеулі еңбек етті. Концерттік сапармен АҚШ, Жапония, Германия, Франция Испания, Италия, Бирма, Сингапур, т.б. елдерде болып, ұлттық өнерімізді шетел тыңдаушыларына танытты.




58 жыл бұрын (1962) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы САБИЛЬЯНОВ дүниеге келді.

Семей облысы Аягөз ауданы Шыңқожа ауылында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірді.

Еңбек жолын 1979 жылғы шілде айында Аягөз ауданының «Нарын» кеңшарындағы «Орбита» комсомол-жастар бригадасында бастады. 1980 жылғы қарашадан бастап 1982 жылғы желтоқсан аралығында Совет Армиясы қатарында қызметін өтеді. 1983 жылғы қаңтар-қараша аралығында «Нарын» кеңшарында құрылыс учаскесінің жұмысшысы болды. 1988-1990 жылдары Алматы электротехникалық зауытында экономист болып жұмыс істеді. 1990 жылдан бастап 2004 жылғы қараша аралығында «Сарыарқа» акционерлік қоғамында («Сарыарқа-Алуан» ЖШС) бас бухгалтер, ал 1996 жылдан бастап қаржы жөніндегі вице президент-бас бухгалтер, басқарма мүшесі болды. 2004 жылғы 3 қарашадан бастап 2007 жылғы 20 маусым аралығында -үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ШҚО (Аягөз, Жарма, Үржар аудандары) № 25 сайлау округі бойынша сайланды. 2007 жылғы 27 тамыздан бастап 2011 жылғы 15 қараша аралығында - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімі бойынша сайланды. 2012 жылғы қаңтардан бастап - 2016 жылғы наурызға дейін - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімі бойынша сайланды.

2016 жылғы наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиялық тізімі бойынша сайланды.




57 жыл бұрын (1963) VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Марат Дәрібекұлы БОПАЗОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Ақсу ауданы Ойтоған селосында туған. 1985 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы Семей қаласының геологиялық-барлау техникумында оқытушысы болып бастаған. 1989-1990 жылдары «Облсуқұбыры» Талдықорған облыстық басқармасының бұрғылау қондырғыларының машинисі. 1990-1993 жылдары «Облсуқұбыры» Талдықорған облыстық басқармасының шебері. 1993 жылғы маусым - қыркүйек Ұлттық-мәдени ұйымдарды қолдау жөніндегі қордың Талдықорған облыстық бөлімшесі директорының орынбасары. 1993-1994 жылдары Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бас маманы. 1994 жылдан Талдықорған қаласы әкімдігінің құрылыс және абаттандыру басқармасы бастығының орынбасары. 1996 жылдан Талдықорған қаласы әкімдігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары. 1998 жылдан «Коммунальник» РМКК бастығы. 1999 - 2016 жылдары Талдықорған қаласы қалалық мәслихатының хатшысы (ІІ - V сайланымдар). 2016 жылғы 24 наурыздан бастап VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

Мемлекеттік наградалары: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2002); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2005); «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006); «Ерен еңбегі үшін» медалі (2011); «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2014); «Алматы облысы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015); «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016).




49 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Алматы облысынан сайланған депутаты Нұрлан Наурызұлы ҚЫЛЫШБАЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығы инженері; Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық институтты заңгер мамандығымен бітірген. Еңбек жолы: Талдықорған орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің мал шаруашылығы бөлімінің жетекші инженері; Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі; Жамбыл облысы әкімі аппаратында бөлім бастығы; Жамбыл облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы; Алматы қаласында «Жігер» ААҚ төрағасы; Алматы облыстық табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары (2011-2013); Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі (2013-2016).

Қазіргі лауазымын 2016 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.




47 жыл бұрын (1973) Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Жұмасейітұлы ФАЙЗУЛЛИН дүниеге келді.

Торғай (қазіргі Қостанай) облысында туған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын (2000) бітірді. Еңбек жолы: Қостанай қалалық ІІБ қызметкері (1997-2000); Қостанай қалалық ІІБ қылмыстық-іздестіру басқармасының жеке басына қарсы қылмыстарды анықтау бойынша аға қауіпсіздік қызметкері (2000-2003 жылдары); Федоров ІІБ аудандық полиция басқармасының жедел-алдын алу бөлімі бастығының орынбасары (2003-2008); Федоров аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (2008-2012); Қостанай облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметінің жедел-іздестіру қызметі департаментінің директоры (2012-2018 жылдары); Қарағанды ​​облысының ПД бастығының бірінші орынбасары (2018-2019).

2019 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.




47 жыл бұрын (1973) Түркістан облыстық сотының төрағасы Талғат Қожанұлы БАРАТБЕКОВ дүниеге келді.

Шымкент (қазіргі Түркістан) облысында туған. Талдықорған заң институтын бітірген, адвокат (1998). Еңбек жолы: Оңтүстік Қазақстан облысының «Төлеби» шаруа қожалығының қызметкері (1992-1994 жылдары); ОҚО Төлеби халық сотының сот орындаушысы (1994-1995); Оңтүстік Қазақстан облысының әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің жетекші маманы, бас маман, бөлім бастығы (1995-1997); Соттардың жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы және консультанты (07.1997-10.1997); Әділет департаментінің жетекші маман кеңесшісі - Оңтүстік Қазақстан облысы атқарушылық қызмет департаментінің директоры (1997-1998); Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы (1998-1999); Алматы қаласы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы (1999-2000); Алматы облысының Әділет басқармасының бастығы, бастық орынбасары (2000-2002 жылдары); Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы (2002-2005); Шымкент қаласы Абай аудандық сотының төрағасы (2005-2008 жылдары); Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы (2008-2009); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы департамент бастығы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары (2009-2011 жылдары); Астана қаласы прокурорының орынбасары (2011-2014 жылдары); Алматы облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы (2014-2015 жылдары); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (2015-2017); Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы (2017 жылдан бастап).




37 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Дәуленов Мирас Мұхтарұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, құқықтану магистрі, құқық саласындағы доктор (PhD).

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары заңгер ретінде жеке секторда жұмыс істеген. 2012 жылғы тамызда «Қазақ Гуманитарлық Заң университеті» АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 2015-2018 жылдары — М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер Академиясының директоры – Басқарма Төрағасының орынбасары. 2018 жылдан бастап — М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің С. Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының директоры.

Қазіргі қызметін 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап атқарып келеді.


Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай