Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

1 қазаннан бастап Өзбекстан шекараны ашатын болды

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 16:46

ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - 2020 жылдың 1 қазанынан бастап Өзбекстанға әуе, теміржол және автомобиль бақылау-өткізу бекеттері арқылы кіруге және шығуға рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Республикалық арнайы комиссияның кезекті шешімімен әуежайларда, теміржол вокзалдары мен шекара өткізу бекеттерінде азаматтардың және көлік құралдарының жүруіне қойылатын шектеулер жеңілдетілді. Сондай-ақ 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қолданыстағы карантиндік және санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, Өзбекстан Республикасына әуе, теміржол және автомобиль пункттері арқылы кетуге рұқсат етілді.

Өзбекстанға келетін азаматтарға қойылатын талап: 72 сағат ішінде коронавирусқа ПТР тест сынамасының теріс нәтижесі жөнінде анықтамасы болуы керек. Болмаған жағадайда шекарадағы (әуежай, теміржол т.б) Өзбекстанға өткеннен кейінгі аймақта келген азаматтың өз қаражатынан ПТР тест сынамасы немесе экспресс-тест тексерісінен өтіп, 14 күн мерзімге қонақ үйге немесе үй жағдайындағы карантинге жатқызылады.


Басты сөздер: Қоғам, Карантин, Өзбекстан,
Жоғары қарай